"Алда чемпиондық жекпе-жек тұр". Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерге қарата мәлімдеме жасады

©instagram.com/klimasmanagement

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) әлеуметтік желіде пост жариялап, биыл мықты қарсыластарды жеңіп, алда чемпиондық жекпе-жек күтетінін жазыпты, деп хабарлайды Vesti.kz

"Құрметті жанкүйерлер! Аллаға шүкір, бір белесті артта қалдырдық. Биыл екі бірдей экс әлем чемпионын ұттық. Бұйыртса алдымызда чемпиондық жекпе-жек тұр.

Оның болғанынан боладысы қызық болары анық. Өздеріңіз де жаңалықтардан оқып жатқан шығарсыздар. Біздің кез-келген чемпионмен шығуға дайын екенімізді білесіздер. Сіздер сияқты біз де жаңалықтар күтетін боламыз.

Әзірге команда демалыста. Әлеуметтік желідегі белсенділікті азайтамыз. Қолдауларыңызға көп рақмет. Жеңісті күндерде жолығайық! Қазақ стилі нөмірі бірінші", - делінген жазбада. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport