"Ақша табуға келгендей...". Биволдың бапкері Головкин - "Канело" трилогиясы туралы

22 қыркүйек 2022 06:34
©SI.com

Жеңіліс таппаған Дмитрий Биволдың (20-0, 11 КО) бапкері, IBF тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Дмитрий Кириллов қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) арасындағы трилогия жайлы ойын айтты, деп жазады Р-Спорт.

"Соңғы жекпе-жекте Гена жеңіске жетем деп емес, ақша табуға келгендей көрінді. Оның тарапынан бәсекелестікіті көрмедім. Тек мықты спарринг болды. Оның карьерасына қатысты ойымды айтсам, ол әлі де орта салмақта WBA белбеуінің иегері. Әлі де болса жақсы табыс табуына болады. Алайда жасы келіп қалды. Сол жағы кері әсер ететін шығар. Бәрі өзіне байланысты", - дейді Кириллов.

Еске салайық, 17 қыркүйек күні өткен Головкин мен "Канело" айқасында мексикалық былғары қолғап шебері төрешілер шешімімен жеңіске жетті.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport