АҚШ-та Жәнібектің Канелоның өзі қорқатын чемпионды айқасқа шақырғанына бас шайқап отыр

©twitter.com/boxingscene

Америкалық Thaboxingvoice Youtube арнасы орта салмақтағы IBF және WBO титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) суперорта дививзионда WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Давид Бенавидесті (28-0, 24 КО) жекпе-жеке шақырғанына бас шайқап тамсанып отыр, деп жазады Vesti.kz.

Жәнібек Канелоның өзі сескеніп жүрген америкалықпен жекпе-жек үшін екінші орта салмақққа көтерілуге дайын екенін мәлімдеген.

"Ант етейін, Жәнібек Әлімханұлы жоғары салмаққа өтуге дайын екенін естідім, солай ғой? Давид Бенавидеспен жұдырықтасу үшін? Иә, мүмкін адамдар айтар: "О, тағы бір 160 фунттық боксшы!", деп. Бірақ Бенавидесті әйтеу біреу айқасқа шақырды-ау. Маған Жәнібек ұнайды. 160 фунтта емес, 168 фунтта оның Бенавидеспен айқасы тамаша болады", - дейді арна авторы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport