auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Энтони Джошуа сенсациялық жеңілістен кейін бапкерін қызметінен босатты

Энтони Джошуа сенсациялық жеңілістен кейін бапкерін қызметінен босатты
© XSPORT.ua
Аса ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы британиялық Энтони Джошуа (22-1, 21 КО) түбегейлі шараларға көшті - ол әуесқойдан бері жаттықтырып келе жатқан бапкері Роберт Маккракеннен кетті, - деп хабарлайды vRINGe.com.

2 маусым Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте Джошуа карьерасында алғаш рет жеңіліп, Руис күтпеген жерден жеңімпаз атанды. Нокаутпен жеңілген британиялық WBA, WBO, IBF және IBO белбеулерін қорғай алмады. Осыдан кейін хэвивейттегі соңғы абсолют әлем чемпионы атақты Леннокс Льюис отандасы Джошуаға тезірек бапкер ауыстру керегін айтқан.

Боксшы Маккракеннен кеткені туралы ақпарат шықпай тұрып, 1996 Олимпиада чемпионы, кәсіпқойда да әлем чемпионы болған америкалық Антони Тарвер британиялыққа бапкер болуға дайын екенін жеткізді.

"Чемп, жаңа бапкер іздегеніңді естідім. Әлемдік деңгейдегі маман керек болса, карьераңды жаңа арнаға бұрғың келсе, мені тізіміңе ала сал. Менде бәрі бар: тәжірибе де, ойымды да жеткізе аламын. Мен білмейтін бокс стилі жоқ. Маған мүмкіндік бер, өкінбейсің", - деп жазыпты ол әлеуметтік желіде Джошуаға. 

2018 жылы спортта көп жүріп қалған Тарвер, оның үстіне допинг даулары және рингтен тыс жағымсыз қылықтарымен беделін құртып алған, карьерасын аяқтап, телесарапшы болғысы келген.

Айта кетейік, бастапқыда Джошуаның қарсыласы Джарелл Миллер болады деп жоспарланған еді, алайда, ол допинг-тесттен өте алмады. Осылай жекпе-жекке дейін бір айдай қалғанда оны  алмастырды.

2016 жылы Руис сол кездегі WBO чемпионы Джозеф Паркерден төрешілер шешімімен жеңілген. Бұл жекпе-жекке дейін тегі мексикалық боксшыны Санчес жаттықтырған, ал қазақстандық Геннадий Головкин оған жекпе-жекке дайындалуға көмектескен еді. Алайда жеңілістен кейін Руис басқа бапкерге кетіп қалған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама