auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қазақтың туын көтеру абырой". Нокаутшы Жүкембаев жеке өмірі мен карьерасына қатысты сұрақтарға ашық жауап берді

"Қазақтың туын көтеру абырой". Нокаутшы Жүкембаев жеке өмірі мен карьерасына қатысты сұрақтарға ашық жауап берді
Сурет: Vesti.kz©
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (16-0, 13 КО) үйлену тойын өткізіп, Golden Boy компаниясымен келісімшартқа қол қою жоспары бар. Бұл туралы боксшының өзі Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Сұхбат барысында боксшы соңғы жекпе-жегі, Канададағы танымалдығы жайлы сөз өрбітті және Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен дастархандас болғанын есіне алды. 



- Соңғы жекпе-жек туралы айтып беріңізші.

- Бұл жекпе-жекке мен бір үш ай уақыт дайындалдым. Жеңіл болып көрінуі мүмкін, бірінші раундта шығып, ұттым деген сияқты. Бірақ жекпе-жекке дейінгі процес мен үшін, қиын болды. Қаншама спаррингтер, салмақ қуу бар. Ал жекпе-жектің өзі, енді бұл бокс қой, бір соққымен бәрі бітуі де мүмкін. Бірінші раунда нокаутқа түсірем немесе жеңем деп ойлаған жоқпын. Меніңше әркімге еңбегіне сай жеңіс беріледі. Жекпе-жекке жоспар болады, соны ұстандым. Бір қызық болды, салмақ өлшеу күні ұйымдастырушылар қоңырау шалып, қарсыласымның 3,5 - 4 келі артық болғанын айтты. Мұндайда көп боксшы жекпе-жектен бас тартады, бірақ, қаншама адам күтіп, сенім артып отыр. Бұл бір оңай шешім болған жоқ. 



- Канададағы танымалдылық туралы айтып кетсеңіз.

- Канадалық көрермендердің қолдауы қатты сезіледі, шулап, өзіміздің елде болып жатқандай әсер береді. Көбі әлеуметтік желіде жазады. Бірақ сондай бір жұлдызбын деп айта алмаймын, алайда, көшеде танып жататын кездер болады. 

- АҚШ-қа ауысу туралы не айта аласыз?

- Мен өзімді жақсы сезінем, дайынмын деп ойлаймын,үлкен жекпе-жектерге. Сондықтан менің командам Америкада өнер көрестуім үшін барын істеп жатыр. Жақын арада көрерсіздер. Осы жылдың ішінде жұдырықтасамын деп ойлаймын. Мен де жауап күтіп отырмын, сондықтан нақты уақытын айта алмаймын.

Golden Boy компаниясына өтуіңді қазақстандықтар қалай қабылдайды деп ойлайсың?

- Әркімнің өз бағы бар. Бұл бизнес, бұл бокс. Жақсы ұсыныстың келгеніне байланысты. Мен ол жаққа барсам, "Канелоның" командасына кірдім деп ойламаймын. Бір компания болғанымен, ол бөлек команда. Қайта бірінші қазақ болып Golden Boy-ға кірсем, бұл үлкен жетістік деп ойлаймын. 



- Ал Golden Boy ұсынысы ұтымсыз болса?

- Мен үшін бірінші орында ақша емес, намыс. Ел абыройы, чемпиондық. Енді мүлде ақша керек емес деген сөзім емес. Бірақ бірінші орында чемпион болу мақсаты. Қазақ елінің байрағын көтеріп тұрудың өзі үлкен жетістік. 

- Гонорарлар туралы айтсаң.

- Бұл жекпе-жектің үлкендігіне байланысты. Қазір бір ауыз толтырып айтатындай емес. Дегенмен жаттығуымызға жеткілікті. Көбірек ақша болса, әрине, жақсырақ жағдайда дайындаласың. 



- Eye Of The Tiger компаниясымен қандай келіспеушілктерің болды?

- Шынын айтқанда мен толық түсінбедім. Мен елде болғанмын. Өзіміздің компаниядағы боксшымен жұдырықтасасың ба деген ұсыныс келді. Бірақ өздері келісе алмады. 

- Жеке өмірің туралы айтып берсең, сүйіктің бар ма?

- Енді Канадада біздің бар назарымыз жаттығуда. Ал қыздармен қарым-қатынасқа дегенге уақыт та жоқ. Канадада үйлену мүмкіндіктері боды, бірақ, маған қазақтың қыздары ғана ұнайды (күледі). Қазір бір қызбен сөйлесіп жүрмін, үйленсе бе деген ой бар. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама