ESPN арнасының америкалық белгілі журналисті Стив Ким жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) соңғы жекпе-жегіне қатысты пікір білдріді.
Өткен демалыста АҚШ-тың Оксон-Хилл қаласында Елеусінов төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен чилилік Луис Норамбуэнаны (3-2-1, 0 КО) жеңді. Бұл қазақстандықтың кәсіпқой рингтегі жетінші жеңісі.
"Бұл Елеусіновтің жақсы жекпе-жегі деуге болады. Жақын қашықтықтан жұдырықтасудан қорықпай, іске кірісті. Әзірге кәсіпқой боксқа икемделу қиындау болып тұр, бірақ, таланты бар", - деп жазыпты Ким твиттер желісінде.
Қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиев Елеусіновтің келесі жекпе-жегі 27 шілдеге жоспарланғанын хабарлады. Кездесу Техаста өтпек.
Жарнама