auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Жоспарды бұзып жіберуі мүмкін". Промоутер Головкин - "Канело" трилогиясына не бөгет болатынын айтты

"Жоспарды бұзып жіберуі мүмкін". Промоутер Головкин - "Канело" трилогиясына не бөгет болатынын айтты
© reviewjournal.com
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте олардың алғашқы жекпе-жегі тең аяқталса, бір жылдан соң сол аренада мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. Осылайша, қазақстандық боксшы өз карьерасында алғаш рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылған еді.

Головкин енді 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында кездесу өткізеді. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс. Жекпе-жек аралық 164 фунт салмақта өтеді.

"Альвареске қарсы екі жекпе-жекте кімнің жеңгеніне байланысты түрлі пікірлер бар. Әрине, біз бұл кездесулерде GGG жеңіп, ол орта салмақтағы ең үздік боксшы болып қала береді деп санаймыз. Бұл, расымен де, халық чемпионының рингке оралуы болады.

Қарсыласымыз - Стив Роллс секілді әлі жеңілмеген әрі "аш" боксшы, ол Головкиннің карьерасындағы табыстарының бәрін тартып алуы мүмкін - бұл кезеңде мұндай жекпе-жектер GGG-ке қауіп төндіреді.

Болашақта "Канелоға" қарсы үшінші жекпе-жек өтуі ықтимал. Бірақ GGG Стив секілді боксшыны дұрыс бағаламаса, бұл жоспардың бәрін бұзып жіберуі ықтимал.

Головкин екі рет Madison Square Garden мен Forum аренасында жұдырықтасты. T-Mobile Arena мен O2 Arena-ны екі рет толтырды. Геннадий бұл спорттың әлемдегі елшісі саналады. Меніңше, Головкин - орта салмақ дәрежесіндегі ең үздік боксшылардың бірі.

Головкин мен "Канелоның" қай күні қайта кездесетіні маңызды емес, бұл мексикалық мерекелердің бірі болады. Күнтізбедегі күнге қарамастан", - деді Леффлер.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама