auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канелоның" бапкері Головкиннің Санчеспен жұмысын тоқтатқанына қатысты пікір білдірді

"Канелоның" бапкері Головкиннің Санчеспен жұмысын тоқтатқанына қатысты пікір білдірді
Фото: Golden Boy Promotions/ Chris Hogan
WBC, WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (51-1-2, 35 КО) бапкері Хосе "Чепо" Рейносо қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) Абель Санчестен кеткеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, екі тарап 2010 жылдан бастап жұмыс істеген болатын. Головкин өз шешімін кәсіби деңгейін арттыру ниетімен түсіндіріп отыр. Ал Санчес оны "ашкөздік пен сараңдықтың" кесірі деген еді.

"Меніңше, олардың арасындағы "махаббат" жалған болды. Сен ақша үшін кетсең, оның түкке тұрғысы жоқ. Ақша бірінші орынға шықса, ол - нағыз әзәзілдің ісі", - деді Рейносо FightHub TV арнасына берген сұхбатында.

Мұның алдында "Канелоның" промоутері Оскар Де Ла Хойя да Головкиннің Санчеспен жұмысын тоқтатқанына қатысты пікір білдірген болатын.

Еске салайық, Санчестің басшылығымен Головкин 22 жекпе-жек өткізіп, 20 жеңіске жетті (19 нокаутпен), бір рет жеңіліс тапты, тағы бірінде тең түсті. Соңғы жекпе-жегі 2018 жылдың қыркүйегінде "Канелоға" қарсы реванш болған.

Енді Геннадий Головкин рингке 8 маусымда оралады. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жеңіліп көрмеген канадалық Стивен Роллспен кездеседі. Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама