auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандықтар жұдырықтасатын Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектеріне тікелей трансляция

Қазақстандықтар жұдырықтасатын Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектеріне тікелей трансляция
Сурет: Данияр Майлыбаев©
Бүгін, 26 сәуір Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының ерлер және әйелдер арасындағы ақтық жекпе-жектері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Құрлықтық жарыс финалына Қазақстан құрамасының төрт боксшысы өтті: Закир Сафиуллин (60 келіге дейін), Тұрсынбай Құлахмет (75 келіге дейін), Бек Нұрмағанбет (81 келіге дейін) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден аса).

Қазақстанның жеті боксшысы қола жүлде иеленді: Теміртас Жүсүпов (49 келіге дейін), Санатәлі Төлтаев (64), Василий Левит (91). Қыздар арасында Милана Сафронова (64), Дариға Шакимова (69), Фариза Шолтай (81) және Ләзат Күнгейбаева (81 келіден аса).

Қазақстандық боксшының 20 секундта Азия чемпионатының финалына шыққан сәтінің видеосы

Айта кетейік, бүгін финалда жұдырықтасатын қазақстандық ешбір боксшы бұрын Азия чемпионы атанбаған. Сафиуллин 2015 жылы вице-чемпион болды, ал Қоңқабаев - 2017 жылы күміс иеленген.

Екі рет тізе бүкті. Василий Левиттің Азия чемпионатындағы нокаутпен жеңілген сәтінің видеосы

Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері Қазақстан астанасының уақытымен 12:00-де басталады. 

Қазақстандықтар жұдырықтасатын жұптар:

60 келі: Закир Сафиуллин - Цендбаатар Эрденебат (Моңғолия);

75 келі: Тұрсынбай Құлахмет - Ашиш Кумар (Үндістан);

81 келі: Бек Нұрмағанбет - Джон Нобель Марвин (Филиппин);

91 келіден аса: Қамшыбек Қоңқабаев - Баходир Жалолов (Өзбекстан).

А рингі


Б рингі 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама