Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұылының (5-0, 2 КО) титулды жекпе-жек алды салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
25 жастағы Әлімханұлы 12 сәуір Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында
жекпе-жек өткізеді. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) британиялық Энтони Кролламен (34-6-3, 13 КО) жұдырықтасады.
"Айрықша талантты боксшы". Атақты промоутер Головкиннің ізін басатын қазақстандықты атады
Қазақстандықтың қарсыласы 27 жастағы мексикалық Кристиан Оливас (16-4, 13 КО). Жекпе-жек жеңімпазы орта салмақта бос тұрған екі - WBO Global және WBC Continental Americas белбеуін тағады.
Екі боксшы да орта салмақ лимитінен асқан жоқ. Әлімханұылы таразыда тура 160 фунт көрсетті, ал қарсылас бірнеше грамм жеңіл болып шықты.
Жарнама