Бокс
9 сәуір 2019 12:49
 
Қанат Ислам ұзақ үзілістен кейін келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам ұзақ үзілістен кейін келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады Боксшының командасы ұсынған сурет

Алғашқы орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам (25-0, 20 КО) жақында рингке оралады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында боксшы жаттығу лагерін ойдағыдай өткізіп жатқанын айтты. 

Мұның алдында боксшы Астана күніне орай жекпе-жек өткізетіні хабарланған еді. Кездесу Алматыда өтеді деп жоспарланған болатын. Қарсылас әзірге белгісіз.

Қанат Исламның ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегі белгіленді

Қазіргі таңда боксшы алматы маңында қызу жаттығып жатыр.

"Иә, дайындықты бастап кеткенбіз. Талғар маңындағы AIBA бокс академсясындамын", - дейді Ислам. 

"Мұрны қанамағандар сынамай-ақ қойсын". Қанат Ислам карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы рет 2017 жылдың 9 қыркүйегінде жұдырықтасқан, ол кезде алғашқы орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA белбеулері үшін Астанада канадалық Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсірген. Оның келесі жекпе-жегі 23 маусым Лос-Анджелеске белгіленген еді, алайда, қазақстандық аяғын жарақаттап алған болатын.

Жарнама

Живи спортом!