auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Жоқшылық, көшедегі атыс және GGG-мен спарринг". Головкиннің маусымдағы жекпе-жегіне қарсылас болуы мүмкін боксшы

"Жоқшылық, көшедегі атыс және GGG-мен спарринг". Головкиннің маусымдағы жекпе-жегіне қарсылас болуы мүмкін боксшы
© ringtv.com
Қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) 2019 жылғы бірінші қарсыласына қатысты тақырып қызу талықланып жатыр. 

Қарсылас ретінде алдымен Мацей Сулецки немесе Габриэль Росадо, одан кейін польшалық Камил Шеремета аталды. Ал соңғы америкалық Брэндон Адамс мүлде күтпеген есім болып отыр.

Vesti.kz америкалық боксшы туралы мәлімет жинады.

Адамс боксқа өмір сүру жағдайының ауырлығынан барған. Қосымша табыс үшін десек болады. Дегенмен кәсіпқой рингте айтарлықтай жетістерге жете алды. Екі рет титул үшін жұдырықтасу мүмкіндігі де болған екен.

Брэндон карьерасындағы басты жекпе-жектердің бірі кіші Вилли Монромен болғаны сөзсіз. Ал Монромен Головкин де жұдырықтасқан. Алайда GGG оны жеңді, ал "Зеңбірек" жеңіліп қалды. Сонымен бірге, Адамс қазақстандық "қарсыласымен" жеке таныс, америкалық бір кездері Головкиннің спарринг-серігі болған. 



Адамс үш жылдай бокстан шығып қалды, бұл жағдай оның карьерасына әсер етті және басымдықтарын өзгертті. Отбасының жоқшылығы оны болашағынан айырды. 

Боксшы дүниеге келісімен жоқшылықта өмір сүрді. Анасы үлкен әулетте жалғызбасты еді. Адамс өскен ауданда қылмыс көп болатын, сондықтан ол аман қалу үшін күресті десе де болады. 

"Ағаларыма оқ атқанын көрдім. Достарым мен жүрегіме жақын адамдардың көшеде қаза болғандарының куәсімін", - деп есіне алады өмірін Адамс.



Оның боксқа сүйіспеншілігі ерте оянған. Осылайша, 2015 жылы жұлдызға айналды. Адамсқа ESPN арнасының шоуына қатысу ұсынылды. Америкалық финалға дейін жетті. Алайда ТОП-10 рейтингінің жүлдесін ала алмады. Қарсыластарының бірі Адамс тыйым салынған дәрмек қолданады деп айыптады. 

Брэндон жаттығу лагерін тоқтатты, Комиссияға шағым жазды, осыдан кейін қатаң тексерістен өтті. Мамандар ешқандай дәрмек ізін таппады, бірақ, финалға дейін екі күн ғана қалған еді. Ол жылдам салмақ тастау себебінен жеңілді - Адамс рингте аяғына нық тұра алмады деуге келеді. 

Осыдан кейін қиындықтар басталды. Жинаған қаржы таусылды және жаттығу лагерін жүргізу мүмкін болмады.

Үш жыл бойы ол осы мәселені шешумен болды. Жұмыс іздеді, алайда, тапқан қаржысы жетпеді. Боксшының бұл уақытта екі баласы бар еді, осы отбасынан ғана рухани қолдау көрді. Енді оған титулдар, жекпе-жектер, жалпы бокс туралы ұмытуға тура келді. Жаттықтырушы болып істеп күн көрмек болды 



Дегенмен үміт үзбеген боксшы 2018 жылы боксқа оралу мүмкіндігіне қол жеткізді. Оған The Contender релити-шоуына қатысу ұсынылды. Телебағдарлама концепциясы бокстан қол үзіп қалғандарға екінші мүмкіндік беру еді. Таңдалған 16 боксшының ішінде көшбасшы белгілі америкалық Андре Уорд болды, Бағдарлама қатысушылары Фредди Роуч пен Назим Ричардсон жаттықтырды.

Адамс күнкөріс үшін жұмыс істеу керегін айтып, бағдарламаға қатысудан бас тарты. Алайда шоу жеңімпазы 250 мың доллар алады деген ақпарат оның шешімін өзгертті. 

Брэндон былтыр қыркүйекте біткен шоудың финалында жеңіске жетті. Басты жекпе-жекте ол атақты боксшы Шейн Мозлидің ұлы - кіші Шейн Мозлиді жеңді. 



Шоу кезінде Брэндон мықты боксшы екенін дәлелдей алды. Сарапшылар оның жан-жақты дамығанын, атлетизмі мен шабулдарды түрлендіре алатынын атап өтті. Расымен де боксшы үнемі алға жүреді және ешқашан екінші нөмір болып жұдырықтаспайды.

Егер Адамс расымен Головкинге қарсылас ретінде қарастырылса, ол жақсы табыстан бас тарта қоймас. Брэндон жас және әлі де күшті, бірақ, GGG-ді жеңе қояды деуге келмейді. Деңгейлер басқа. Алайда ол басқа қарсыластардан, мәселен Шереметадан тартымды көрінеді.  

Дегенмен ресми хабар күтеміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама