Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (14-0, 12 КО) бапкері Қанат Алтаевқа Канадада қызығушылық танытып отыр, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Боксшының командасында Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының өкілдері бапкердің кәсібилігін бағалап, Канадада өзге боксшыларды жаттықтыруды ұсынған.
Қазір Алтаев Жүкембаевты мексикалық Карлос Хименеспен (14-9-1, 8 КО) жекпе-жекке жаттықтырып жатыр, кездесу 16 наурыз Монреальда өтеді. Бұл жекпе-жек бокс кешінің басты оқиғаларының бірі ретінде жарияланды.
Мұның алдында Жүкембаев осы жекпе-жектен кейін
АҚШ-та жұдырықтаса бастауы мүмкін екені хабарланған. Боксшының менеджері Анна Рева биылдан қалмай америкалық нарыққа шығатын жоспарлары барын мәлімдеді.
"Айуанмен айқасамын". Қазақстандық нокаутшы Жүкембаев келесі қарсыласы туралы
Жарнама