auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канелоны" Головкинмен кездесуге тыйым салынған чемпионмен жұдырықтастырмақ

"Канелоны" Головкинмен кездесуге тыйым салынған чемпионмен жұдырықтастырмақ
© Sportbox
Golden Boy Promotion басшысы Оскар Де Ла Хойя орта салмақта WBC және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) пен алғашқы орта салмақта WBO белбеуінің иегері отандасы Хайме Мунгия (32-0, 26 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

"Канело" жуырда берген сұхбаттарының бірінде Мунгиямен жұдырықтасуға дайын екенін, алайда, отандастарымен жекпе-жек өткізуді қаламайтынын айтқан. Ал Хайме мұндай қағида ұстанбайды және Альвареспен жұдырықтасуға әзір. 

"Жекпе-жек өтуі мүмкін. Бұл мексикалық жанкүйерлерге болашақта қызықты болатын жалғыз кезедсу. Мунгия - қателіктерінен сабақ алып, жетіліп келе жатқан жас боксшы. Оның үстіне 154 фунтте чемпион, оның әлем бойынша да, Мексикада да жанкүйерлері көп. Жұдырықтасу мәнері де тамаша, бірақ, әр нәрсенің өз уақыты бар. Қазір "Канело" мүлде басқа деңгейде. Олар жұдырықтасу үшін Хаймеге осы деңгейге жету керек", - дейді Де ЛА Хойя. 

Айта кетейік, екі боксшы да DAZN стриминг қызметімен келісімшартта, сондықтан боксшылар жұдырықтасуы ықтимал. Алайда Альварес жартылай ауыр салмаққа өтуі мүмкін.

Еске салайық, 2018 жылы мамырда Мунгия қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасу керек болатын. Дегенмен Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) мексикалықты тәжірибесі жеткіліксіз деп есептеп, GGG-мен жұдырықтасуына тыйым салды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама