"Астана Арландары" сапында Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы Арман Рысбек (5-0, 4 КО) 25-ші сәуірде рингке оралады, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Супер орта салмақта жұдырықтасатын 28 жастағы кәсіпқой Лас-Вегастағы Sam’s Town Hotel & Gambling Hall казино-қонақүйінде жекпе-жек өткізеді. Қарсылас әзірге анықталған жоқ, дегенмен, жекпе-жектің алты раундты болатыны белгілі.
Еске салайық, Рысбек соңғы рет 15 қыркүйек Ақтөбеде жұдырықтасып, үшінші раундта өзбекстандық Дмитрий Антиповты техникалық нокаутпен жеңген.
Жарнама