auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Проспектілерді қиратушы" . Елеусіновтің 2019 жылғы алғашқы қарсыласы туралы деректер

"Проспектілерді қиратушы" . Елеусіновтің 2019 жылғы алғашқы қарсыласы туралы деректер
Карлос Хименес (сол жақта). Сурет: Eye Of The Tiger Managment
Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) 15 наурыз АҚШ-та жұдырықтасатын қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Елеусіновтің 2019 жылы жұдырықтасатын алғашқы қарсыласы белгілі болды

27 жастағы қазақстандық 29 жастағы мексикалық Карлос Хименеспен (14-9-1, 8 КО) жұдырықтасады. 14 жеңіске жеткен мексикалық 8 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған. Сонымен бірге, оның пассивінде тоғыз жеңіліс пен бір тең өткен кездесу бар. Мексикалық кәсіпқой рингте алғашқы жекпе-жегін 2013 жылдың қыркүйегінде өткізіп, карьерасында WBC және IBF белбеулері үшін жұдырықтасқан. 

2013 жылы наурызда ол WBC белбеуі үшін отандасы Хуан Жозе Мартинеспен сегіз раундтық жекпе-жекке шығып, кездесу соңында төрешілер шешімімен жеңілді. 



Осыдан кейін былтыр қазанда IBF белбеуі үшін канадалық проспект Матье Жерменмен он раундты жекпе-жекте жұдырықтасып, тағы жеңілді. Айта кетейік, Жермен қазақстандық Батыр Жүкембаевпен жұдырықтасуы керек болатын, алайда, жекпе-жек өткізілмеді. 

Хименес проспектілерді "қиратушы" саналады. Карьерасында ол бұрын жеңілмеген төрт қарсыласынан басым болды. Оның үстіне барлығын нокаутпен жеңген. 

Сонымен қоса, мексикалық бірнеше салмақта жұдырықтасқан. Екінші орта салмақтан бастап, дивизион ауыстырып отырған. Елеусіновпен алдағы жекпе-жекте ол алғаш рет жарылай ора салмақта жұдырықтасады. 



Хименес АҚШ-та алғаш рет жекпе-жек өткізеді. Бұған дейін Канадаға ғана барған, ал кездесулерінің барлығы Мексикада болған. 

Айта кетейік, Елеусінов жұдырықтасатын бокс кешінде қазақстандық Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы америкалық Габриэль Росадо және Олимпиада чемпионы болған ирландиялық боксшы қыз Кэти Тэйлордің де жекпе-жектері өтеді.

Еске салайық, соңғы рет Елеусінов былтыр қазанда Монакода жұдырықтасқан. Қазақстандық үшінші раундта никарагуалық Маркос Мохиконы техникалық нокаутпен жеңді. Кәсіпқой рингте 27 жастағы Елеусіновтің есебінде бес жекпе-жек бар, боксшы барлығын жеңген. Оның үшеуін нокаутпен.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама