auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Чемпион болады". АҚШ журналисі Әлімханұлына "Канелоны" жеңетін жолды айтты

"Чемпион болады". АҚШ журналисі Әлімханұлына "Канелоны" жеңетін жолды айтты
© Top Rank
Журналист Майк Смит Boxingnews24.com сайтында жариялаған мақаласында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (5-0, 2 КО) болашағына өз болжамын жасады.

"Әлімханұлы жекпе-жек бойы Мартинестен басым болды, сол жақтан басқа және денеден өте күшті соққылар жасады. Осы ауыр соққылары үшінші рауда нәтиже берді, Мартинес бір құлап алды. Мартиесті нокдаунға түсірген Әлімханұлының соққысы өзге боксшыларды тоқтатып тастайтындай күшті болды. 

Төртінші раундта Әлімханұлы жасаған соққылардың бәрін өткізіп жатқан Мартинестің басына жақсы бір-екі жұдырық тиді. Ал раунд соңында жекпе-жек ұзаққа бармайтыны көрінді. Бесінші раунда қазақстандық Мартинесті сабауын жалғастырды, осыған байланысты америкалықтың командасы жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Жалпы бұл болашақ чемпион Әлімханұылының жақсы жеңісі. Қазақстандық екінші орта салмақта IBF чемпионы Калеб Плант пен WBO белбеуінің иегері Хильберто Рамиресті жеңе алады. Алайда Каллум Смит пен Сауль "Альвареспен" жұдырықтасу қазақстандыққа ауырлау болады. Мұндай жігіттерді жеңуге соққы күшін арттыру қажет. Әлімханұлы шынымен жақсы панчер, бірақ, Альварес пен Смит сияқты қарсыластарды сабау үшін бастан жасайтын соққысын күшейткен жөн", - деп жазыпты автор. 


Еске салайық, Орта салмақта жұдырықтасатын 25 жастағы Жәнібек Әлімханұлы Фриско қаласындағы The Ford Center at The Star аренасында The Hitman ("жалдамалы баскесер") лақап атты америкалық Стивен Мартинесті (18-5, 13 КО) жеңген еді.

Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек бесінші раундта америкалықтың командасы жұдырықтасудан бас тартқаннан кейін тоқтатылды. Осылайша, қазақстандық АҚШ-та алғаш рет техникалық нокаутпен жеңіске жетіп отыр. Сонымен бірге, америкалық боксшы үшінші раундта нокдаунға түскенін де айта кетейік.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама