Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалев (32-3-1, 28 КО) қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановпен (10-0, 8 КО) спарринг өткізді, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
"Спарринг сессиясының соңғы аптасы. Болашақ чемпион қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановқа көмегі үшін рахмет", - деп жазыпты Ковалев Instagram желісінде.
Қазіргі кезде Ковалев WBO чемпионы колумбиялық Элейдер Альвареспен 2 ақпан Далласта өтетін қарымтаға жаттығып жатыр. Боксшылардың алғашқы жекпе-жегі 2018 жылдың 4 мамырында өткен, ол кезде колумбиялық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, 25 жастағы Нұрсұлтанов кәсіпқой карьерасын 2016 жылы бастап, алғашқы жекпе-жегін Лас-Вегаста өткізді. Он жекпе-жегінің тоғызын АҚШ-та өткізді және бір рет Қазақстанда жұдырықтасты.
Нұрсұлтановтың ісін Main Events промоутерлік компаниясы мен менеджер Эгис Климас жүргізеді. Сонымен бірге, Ковалевтің істері де осы компания мен менеджерге қарасты.
Жарнама