auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Головкинге белбеу алуға мұрсат берейік". Промуотер GGG мен "Канело" жекпе-жегінің шартын айтты

"Головкинге белбеу алуға мұрсат берейік". Промуотер GGG мен "Канело" жекпе-жегінің шартын айтты
Reuters©
Matchroom промоутерлік компаниясының басқарушы директоры Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

Еске салайық, мұның алдында боксшылар мамырда жұдырықтасу туралы келіссөздер бастады деген ақпарат тараған. Алайда бүгін мексикалық GGG-дің бұрынғы қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасатыны ресми мәлімделді. "Канело" қазақстандықты жеңгелі бері екнші рет жұдырықтасады. Ал Головкин рингке әлі шықпады. 

"Андраде Головкинмен жұдырықтасқысы келеді. Ол болса, "Канеломен" жекпе-жекті қалайды. Мен Андраде мен Головкиннің кездескенін таңдар едім. Оған белбеу алуға мұрсат берейік, осыдан кейін "Канеломен" жұдырықтассын. Головкин екі бірдей даулы жекпе-жектен кейін "Канеломен" жекпе-жек ала алады ма - әзірге белгісіз. "Канело" DAZN-мен үлкен келісімшарт жасасты, ал бұл стриминг қызметі Головкинмен келіссөз көп жүргізді.

Головкин не істейтінін білмеймін. Ол DAZN-мен келісімге келді деген ақпарат байқадым, бірақ, олай болмай шықты. Ол барлық ұсыныстарды қарастырып жатыр. Егер "Канеломен" жұдырықтасқысы келсе, бізбен - Matchroom, Golden Boy және DAZN-мен бірге болу керек. Басқа желімен келісім жасаса, "Канеломен" жұдырықтаса алмайды. 

"Бірақ ол "Канеломен" жекпе-жек өткізгісі келе ме білмеймін. Екі жекпе-жек өткізді. Мүмкін онымен қайта кездескісі келмей жүрген шығар", - деп келтіреді Хирннің сөзін BoxingNews.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама