Бокс
18 қаңтар 2019 09:53
 
"Канело" Альварес төрт чемпиондық белбеу үшін Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасатынын ресми мәлімдеді

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Альварес төрт чемпиондық белбеу үшін Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасатынын ресми мәлімдеді Альварес - Джейкобс жекпе-жегінің постері

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және The Ring белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) осы дивизионда IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Чемпиондық белбеулерді біріктіретін жекпе-жек 4 мамыр Мексиканың ұлттық мерекесі "Синко де Майо" күні өтеді. Жекпе-жек туралы боксшылардың өзі, промоутерлер мен DAZN стриминг агенттігі ресми мәлімдеді. Алайда әзірге өтетін қала мен арена аталмай отыр. 

Альварес те, Джейкобс те соңғы рет Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасқан: мексикалық 15 желтоқсанда үшінші раундта британиялық Рокки Филдингті (27-2, 15 КО) нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBA белбеуін тартып алған, ал Джейкобс 27 қазанда төрешілер шешімі бойынша украиналық Сергей Деревянченконы (12-1, 10 КО) жеңіп, IBF чемпионы атанды.

Жарнама

Живи спортом!