auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

НВО бокспен қоштасты: Головкин мен Жиров жекпе-жектері телеарна тарихындағы үздік көрсетілімдер тізімінде

НВО бокспен қоштасты: Головкин мен Жиров жекпе-жектері телеарна тарихындағы үздік көрсетілімдер тізімінде
© triple-g.ru
Өткен демалыста АҚШ-тың Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында HBO арнасының 45 жылдық тарихын аяқтаған бокс кеші өтті. 

Мұның алдында америкалық телеарна 2019 жылдан бастап кәсіпқой бокс жекпе-жектерін трансляциялауын тоқтататынын мәлімдеген. Зерттеулер бокстың HBO арнасына жазылудың негізгі факторы еместігін көрсеткен. 

Соңғы жылдары HBO боксқа деген қаржыны қысқартып келді. Бұдан көрсетілу сапасы бірден нашарлады, осыған байланысты сындар айтыла бастады. Оның үстіне телеарна бәсекелестері Showtime, ESPN және Fox бокс трансляциялары нарығында үлесін арттыра түсті. Сонымен қатар, жаңа бәсекелес - DAZN стриминг қызметі пайда болды. 

HBO арнасында кәсіпқой бокс көрсетілімі 1973 жылы қаңтарда болды. Ол кезде аса ауыр салмақта әлем чемпионы Джо Фрейзер мен үміткер Джордж Форман жұдырықтасты. 

Осыған байланысты ESPN арнасының маманы және АҚШ-тағы белгілі бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль HBO арнасында көрсетілген үздік 45 жекпе-жекті есіне түсірді. Бұл тізімде қазақстандық Геннадий Головкин мен Василий Жировтың жекпе-жектері бар.

"16. Геннадий Головкин - Сауль Альварес, 16 қыркүйек 2017 жыл; Геннадий Головкин - Сауль Альварес, 15 қыркүйек 2018 жыл; екеуі де Лас-Вегаста: екі тамаша жекпе-жек, онда экшн мен даулы жағдайлар көп болды. Өйткені алғашқыда Головкин белбеулерін сақтап қалды, ал екіншісінде "Канело" болмашы басымдықпен ғана жеңген. 

22. Джеймс Тони - Василий Жиров, 26 сәуір 2003 жыл, Машантакет, Коннектикут: крузервейттің тарихындағы ең мықты жекпе-жек шығар. Тонидің бапкері Фредди Роуч 12 раундта нокдаун керегін айтты да, боксшы мұны жасап, драмалық слагфестті аяқтады. Бұл жекпе-жекте ол белбеуді алды және кейін нокдаунның қажеті болмағаны анықталды", - деп жазыпты автор. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама