auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Аңызға айналған комментатор Головкин нені басымдыққа алу керегін айтты

Аңызға айналған комментатор Головкин нені басымдыққа алу керегін айтты
© Ringsidefightingnews
HBO, ESPN, Fox және Showtime арналары үшін жұмыс істейтін америкалық комментатор Боб Шеридан Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) неге DAZN стриминг қызметімен келісімшартты таңдайтынын түсіндірді.

"Жақын арада Головкин DAZN-ды таңдайтынына сенімдімін. Бұл сөзсіз маңызды және тағдырын шешетін қадам, үлкен жекпе-жектер үшін осыны жасау керек. Мықты боксшылардың барлығы DAZN-ға кетіп қалды, бірақ, ең бастысы - "Канело" сонда. GGG үшін басымдық сонда. DAZN-да олардың үшінші жекпе-жегін ұйымдастыру тек уақыт еншісінде", - деп атап өтті Шеридан.

2012 жылдан бері Головкиннің телесеріктесі HBO болатын, телеарна бокс әлемінен кеткен соң, қазақстандық еркін агентке айналды. HBO келісімшарты бойынша соңғы жекпе-жек Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) болды. Бұл кездесуде Головкин төрешілер шешімі бойынша жеңіліп, барлық белбеуінен айырылды.

Альварес үшін де бұл жекпе-жек HBO келісімшарты бойынша соңғы болды. Жақында мексикалық DAZN стриминг қызметімен 365 миллион долларға келісімшарт жасасты. Қазіргі таңда Головкинге DAZN, ESPN арнасы және атақты промоутер Эл Хэймонның Premier Boxing Champions (Fox/Showtime) жобасы келісімшарт ұсынып отыр. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама