Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Головкин Мессимен кездесіп, былғары қолғабын тарту етті
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Аргентина құрамасы мен "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессимен кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы футболшыға қолғаптарын сыйлады. Кездесу Барселонада ортақ демеуші - әлемдегі алғашқы Finney блокчейн-смартфоннын таныстыру кезінде өтті. Бұл смартфонды жасаушы Sirin Labs швейцариялық-израильдік компаниясы. Ал оның директорлар кеңесінің төрағасы қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев.
Мұның алдында Головкин "Реалға" жанкүйер екенін айтқан және сүйікті футболшысы ретінде Криштиану Роналдуды атаған. "Ювентустың" португалиялық форварды мен қазақстандық боксшы Instagram желісінде бір-біріне жазылған.
Айта кетейік, Головкин боксқа келмей тұрып футболмен айналысқан.
Жарнама