Бокс
19 қараша 2018 09:24
 
Тағы допинг дауы? Головкиннің промоутері "Канелоны" қарымтадан кейін тексеруден бас тартылғанына шағымданды

  Пікірлер

blog.share

Тағы допинг дауы? Головкиннің промоутері "Канелоны" қарымтадан кейін тексеруден бас тартылғанына шағымданды © fightnews.com

Қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) қарымтаға қатысты кей деректерді айтты. 

15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында 12 раундқа созылған қарымтада төрешілер шешімімен "Канело" Альварес жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Головкин карьерасында алғаш рет жеңіліп, орта салмақта WBC, WBA (Super) и IBO белбеулерінен айырылған болатын. 

"Тек ақы жеген "Канеломен" емес". UFC файтері Головкиннің Хабиб немесе Конормен жұдырықтасу ойын қолдады

2018 жылдың мамырына белгіленген қарымта Альварестің допинг дауына байланысты өтпей қалған болатын. Мексикалық ақпанда тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол табылып, ол алты айға шеттелген еді. Кейін тараптар қарымтаны өткізуге ауыр келісті. 

"VADA жекпе-жектен кейін Головкин үшін кездейсоқ тест жоспарлаған болатын. Олар "Канелодан" да тест алмақ болғанына сенімдімін. Алайда келесі күні кездейсоқ тест алынбайтын болды. Жоспарланған тесттің өтпей қалуы күмән келтіреді... Мүмкін "Канело" Мексикада жүріп, қуырылған ет жеп, өз "шешімін" тойлатып жатқан болар", - деп жазыпты Леффлер твиттер желісінде.

"Элиталы деңгей". The Ring Головкинді P4P рейтингінде абсолют чемпионнан жоғары қойды

Кейін британиялық Metro басылымына берген сұхбатында Леффлер өз мәлімдемесі жайлы былай айтқан: "Тестті "Канело" өткізбей тастады дегенім жоқ, VADA бас тартты. Бірақ кездейсоқ допинг-тест өткізу шешімі алғаш рет өзгеріп тұр". 

Жарнама

Живи спортом!