auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Ринг қожайынындай". Бапкер Әлімханұлының "Айуанға" қарсы тактикасын айтып берді

"Ринг қожайынындай". Бапкер Әлімханұлының "Айуанға" қарсы тактикасын айтып берді
Жәнібек Әлімханұлын (4-0, 1 КО) әуесқой рингте жаттықтырған Мұрат Сиқымбаев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында боксшының "Айуан" лақап атты америкалық Вон Александермен (12-2, 8 КО) жекпе-жегіне қатыфсты пікірін білдірді. 

"Шеберлік айырмашылығы бірінші раундта-ақ байқалды". BoxingScene шолушысы Әлімханұлы мен Рахманқұлов жайлы

Боксшылар Эль-Пасодағы сегіз раундтық жекпе-жекте жұдырықтасып, төрешілердің бөлек шешімімен қазақстандық жеңіске жетті

- Маған жекпе-жек ұнады. Әрине, америкалықты құлатқанын қалар едім, бірақ, бұл ауыр болды... Қарсыласының үлкен тәжірибесі бар, ал Жәнібек енді бастап келеді. Бірақ маған бәрі ұнады. 

- Екі боксшы да бір-біріне шабуылдап отырды. 
- Иә, Жәнібек өзін ринг қожайыны ретінде сезінгені ұнады. Басым екенін сезінді. Біріншіден төртінші раунд аралығы көбіне тік соққылар жасағанын байқадым. Одан кейін екпінді күшейтті, қапталдан соққы жасай бастады. 

Ары қарай да осылай жұдырықтасса, өрлей береді. Қарсыласы ірі әрі тәжірибелі болды. Жәнібек сегіз раунд бойы өзін жақсы ұстады. Тынысы ретті. Күшін бекер жоғалтқан жоқ. Бәрін ақылмен жасады. 

- Ұнамаған бір тұсы, Жәнібектің жақын қашықтықта қолын түсіріп, өзіне соққы тигізуге мүмкіндік бергені...
- Бұл "қаңғыма соққылар". Жәнібектің сөзінше, ол америкалықтың ашылған сәтін күткен. 

- Қыздыру ма?
-Иә. Ол америкалық соққы жасағысы келгенде, оның ашылғанын пайдаланатынын едім деді. Қарсы шабуылмен. Бірақ америкалық олай етпеді, ол Жәнібекті аңдыды. Жәнібек бірінші раундта алыс қашықтықтан, одан кейін орта және жақыннан соққы жасады. Ол сәтін күтіп, екпінді күшейтті. Америкалықтың тап бергенін күтті, алайда, қарсылас олай етпеді. Ол жеңіліп қалуы мүмкін екенін сезді. Жабық жүрді, Жәнібек бос соққы жасамады. Қолғап сыртынан. Ондайдың қажеті аз. 

Жәнібек әлсіз қарсыластармен жұдырықтасып, рейтингте көтерілігісі келмейді. Ол алдағы екі жылда чемпиондық жекпе-жекке шыққысы келеді. Ал америкалықпен тартысты болды. Жекпе-жек бойы келесі раундта не болады деп ойлайсың... Қызықты жекпе-жек болды. 

Әлімханұлы "Айуанды" жеңгеннен кейін әлемдік рейтингте көтерілді

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Әуесқой бокста Жәнібек Қазақстанның 9 дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшы. Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама