auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкинмен жаттығатын чемпион WBA белбеуін қорғау кезінде қарсыласын нокаутқа түсірді

Головкинмен жаттығатын чемпион WBA белбеуін қорғау кезінде қарсыласын нокаутқа түсірді
© L'Equipe
Тегі армяндық Франция боксшысы Арсен Гуламирян аустралиялық Марк Флэнаганды нокаутпен жеңді, - деп хабарлайы Vesti.kz.

Жекпе-жек Марсельде өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Тоғызыншы раундта Гуламирян қарсыласын екі рет нокдаунға түсірген соң, Флэнаганның командасы ақ орамал лақытрды. Осылайша, Гуламирян алғашқы ауыр салмақтағы WBA intering белбеуін сәтті қорғады. 



31 жастағы франциялық үшін бұл 24-ші жеңісі, оның ішінде 16-сы нокаутпен. Боксшы әзірге жеңіліп көрмеген және чемпиондық белбеуді биыл наурызда жеңіп алған. Ал 28 жастағы Флэнаган алтыншы рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, боксшының 24 жеңісі бар (17 нокаут). 

Жекпе-жектің толық видеосы:



Айта кетейік, Гуламирян Арменияда туып, жеті жасынан Францияда өсті. 2013 жылдан бері кәсіпқой рингте жұдырықтасады. Жекпе-жегінің көбі Францияда өтті. Сонымен қатар, Бельгияда екі рет және Канадада бір рет жұдырықтасқан. 

2017 жылы мамырда Гуламирян бапкер Абель Санчеспен жаттыға бастады. BigBear лагерінде ол арасында Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО), Али Ахмедов (13-0, 10 КО) және Руслан Мәдиев (12-1, 5 КО) сияқты қазақстандықтар бар боксшылармен жаттығады. 

Айта кетейік, алғашқы ауыр салмақта WBA ұйымының бірден төрт чемпионы бар. Басты WBA (Super) белбеуі абсолют чемпион украиналық Александр Усикте (15-0, 11 КО), ал Regular белбеуі - қазақстандық Бейбіт Шүменовте (18-2, 12 КО), мұның алдында ол Гуламирянмен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтқан. Сонымен қатар, WBA ұйымының "демалыстағы чемпионы" бар - ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО).




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама