Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов (12-0, 9 КО) титулды жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәісімінен өтті.
WBC ұйымының жастар чемпионы белбеуіне ие Ахмедов 11 қазан АҚШ-тың коста-Места қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасады. 23 жастағы қазақстандық 27 жастағы мексикалық Джовани Хавьер Гомеспен (17-14, 11 КО) кездесу өткізеді.
Тайсон Фьюри алдағы жекпе-жекке Голвкиннің залында дайындалады
ВКонтакте желісіндегі GGG ресми тобының ақпаратынша, сегіз раундқа есептелген жекпе-жекке WBC жүйесіне кіретін NABF Junior (NABF - Солтүстік Американың бокс федерациясы) белбеуі тігіледі.
Али Ахмедов соңғы рет 8 тамызда жұдырықтасқан, ол кезде Голливудта өткен "Hollywood Fight Nights 2" бокс кешінің басты кездесуінде америкалық Хорхе Эскалантені (9-1-1, 6 КО) төртінші раундта нокаутқа түсірген. Осылайша, қазақстандық 12 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті, ал оның тоғызы нокаутпен.
Бұл жекпе-жекке қазақстандық боксшыны Абель Санчес пен Головкиннің егізі Максим алып шыққан болатын. Кейіннен боксшы Головкин негізін қалаған GGG Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойғанын хабарлаған еді.
Жарнама