Бүгін, 5 қазанда әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Алматыда жанкүйерлерімен кездесті, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Жанкүйерлер сахнада тұрып сөйлеген боксшыны жылы қарсы алды.
"Жерлестеріме өз мақсаттарына жетуге, әлем чемпионы атануға көмектескім келеді. Сіздермен жақсы көңіл-күйіммен бөліскім келіп тұр. Бүгін Қазақстан үшін тамаша күн", - деді Головкин.
Головкин Алматыдағы баспасөз мәслихатында карьерасын аяқтау туралы айтып берді
Жанкүйерлер GGG-ді ұзақ жібермеді, боксшыны көлігіне дейін шығарып салып, көлікті айнала қоршап алды.
Еске салайық, Головкин қазіргі уақытта Қазақстанда. Бұл боксшының мексикалық Сауль "Канело" Алвареспен қарымтадан кейін Қазақстанға
алғаш келуі.
Жарнама