auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Міндетті қарсылас "Канело" - Головкин жекпе-жегі үшін кезегін беруге келісті

Міндетті қарсылас "Канело" - Головкин жекпе-жегі үшін кезегін беруге келісті
© FightNews
WBC ұйымының орта салмақтағы "уақытша" чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) үшінші жекпе-жекке келісе алса, өз кезегін беруге дайын. Бұл туралы америкалық боксшының кеңесшісі Сэмпсон Левковиц айтып берді. 

Мұның алдында Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) конвенциясында Головкин мен Чарло жекпе-жегі белгіленді. Бұл кездесудің жеңімпазы Альвареске міндетті қарсылас атанады. Алайда америкалық бұл шешімге дейін де міндетті қарсылас болатын. 

WBC Головкинді "Канелоға" міндетті қарсылас етіп тағайындады

Головкин мексикалық боксшымен екі рет жұдырықтасқанымен, әлі жеңген жоқ. Боксшылардың алғашқы жекпе-жегі тең аяқталды, ал қарымтада "Канело" Альварес жеңді. Екі жекпе-жек те 12 раундқа созылып, екеуінде де төрешілер шешімінің арты дауға ұласты. Қарымта жекпе-жек Головкин үшін алғашқы жеңіліс болды және ол WBC, WBA (Super), IBO белбеулерінен айырылып қалды. 

"Чарло "Канеломен" жұдырықтасқысы келді, бірақ, Геннадиймен жекпе-жек жақсы мүмкіндік. Дегенмен Чарло мексикалық пен қазақстандық үшінші жекпе-жекке келісе алса, жол беруге дайын. Алайда бұл шешім Golden Boy Promotions мен GGG Promotions келісіміне байланысты", - деп келтіреді ESPN Левковицтің сөзін. 

Том Леффлер Головкин карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Ал Альварестің өзіне қатысты WBC оған чемпиондығын еркін қорғауға рұқсат берді. Мексикалық 15 желтоқсанда жекпе-жек өткізбек, оның ықтимал қарсыласы канадалық Давид Лемье (40-4, 34 KO).

Ал Головкин биыл жұдырықтасуды жоспарлап отырған жоқ. GGG рингке тек 2019 жылдың көктемінде оралады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама