WBC Головкинді жеңген "Канело" Альвареске чемпиондығын өз еркінше қорғауға рұқсат етті
Сауль "Канело" Альварес. © zimbio.com
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (50-1-2, 34 КО) белбеулерін өз еркімен қорғауға рұқсат берді. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында айтты.
Альварес бұл белбеулерді 15 қыркүйек Лас-Вегаста қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) төрешілер шешімі бойынша жеңген соң иеленген. Ал WBC бойынша міндетті қарсылас Джермалл Чарло (27-0, 21 КО).
"WBC конвенциясында он жеті салмақ бойынша міндетті жекпе-жектерді қарастыруымыз қажет. Қиын мәселелер бар. Олардың бірі - "Канелоның" орта салмақтағы чемпион ретіндегі болашағы. "Уақытша" чемпион Джермалл Чарлоның "Канеломен" жұдырықтасуға құқы бар. Желтоқсанда Саульде өз еркімен қорғау болады, ал 2019 жылы - міндетті", - дейді Сулейман.
Головкин - Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Ресейде өтуі мүмкін
Мұның алдында WBC президенті Головкин "Канеломен" жекпе-жек өткізуді сұрағанын мәлімдеген. "Бұл әзірге ресми ақпарат емес, бірақ, оның командасы осындай ниеті барын білдірді", - деп атап өтті ұйым басшысы.
Альварес рингке 15 желтоқсанда оралмақ, мексикалықтың ықтимал қарсыласы канадалық Давид Лемье (40-4, 34 KO).
Ал Головкин биыл жұдырықтасуды жоспарлап отырған жоқ. GGG рингке тек 2019 жылдың көктемінде оралады.

Жарнама