auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкинге чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға мүмкіндік берілді

Головкинге чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға мүмкіндік берілді
© worldboxingnews.net
Сауль "Канело" Альварес титулдық жекпе-жекте Геннадий Головкинді жеңгеніне қарамастан IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионының барлық белбеуіне ие бола алмайды. Қазақстандық боксшының вакантты титул үшін жекпе-жек өткізуіне болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Р-Спорт" агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Халықаралық бокс ұйымының (IBO) президенті Эд Ливайн мәлімдеді.

"Альварес IBO тұжырымы бойынша титулды ала алмайды. Біз онымен санкциялық келісімге келе алмадық. Вакантты титул екі үміткер арасында ойнатылады. Олардың бірі Головкин бола алады, ол бұл дивизион рейтингінде бірінші орын алады", - деді Ливайн.

Еске сала кетейік, Головкин бұл титулды 2011 жылы 9 желтоқсанда америкалық Лахуан Саймонмен жұдырықтасып, жеңіп алған болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Оған дейін IBO титулы вакантты болған.

Осыдан кейін қазақстандық боксшы IBO титулына жеті жыл иелік етті, ол оны 17 жекпе-жекте сәтті қорғаған. Бұл титулдан ол Альвареспен реванш өткізіп, айырылып қалды. Сонымен қатар, WBA және WBC титулдарынан да қол үзді.

Жекпе-жектен кейін Альварестің IBO-ға санкциялық жарнаны төлемегені анықталды. Осылайша, ұйымның титулы вакантты болып қалды.

Айта кетейік, IBO титулы негізгі тұжырымдар арасында ең беделді болып есептелмейді. Мысалы, абсолютті әлем чемпионы деген атақ үшін WBC, WBA (Super), WBO және IBF белбеулері жеткілікті.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама