auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жекпе-жекті тамашалағанда неге назар аудару керек - Реферимен сұхбат

Жекпе-жекті тамашалағанда неге назар аудару керек - Реферимен сұхбат
Серікжан Ешмағамбетов.
Бокс жекпе-жектерін тамашалағанда белгілі бір боксшы басым болды деп тұжырымдап, кейін төрешілер шешімін естігенде таңғалып, тіпті есеңгіреп қалатын кездер көп. Сосын ғана бокс сарапшылары мен белгілі спорт комментаторларынан, яғни, нағыз мамандардан пікір алған кезде төрешілердің берген бағасы әділ болғаны анықталып жататыны бар. Сонда қарапайым жанкүйерлер мен көрермендер жекпе-жек кезінде көзі қырағы кәсіби төрешілердің байқап қоятын қандай жағдайларын ескермейді я болмаса назардан тыс қалдырады? Бұл сұрақты Tengrinews.kz тілшісі түрлі деңгейдегі турнирлерде төрелік етіп жүрген Серікжан Ешмағамбетовке қойды. Айта кетсек, Ешмағамбетов кезінде әйгілі Мэнни Пакьяомен жекпе-жек өткізіп, оны нокдаунға түсірген.

Оның айтуынша, соңғы 25 жылда бокс біраз өзгеріске ұшыраған.

"Әуесқой бокста көп өзгеріс болды. Мысалы, жекпе-жектің формуласы өзгерді. Бұрын классика болса, яғни, 3 раундқа созылса, кейіннен ұзақтығы 2 минут болатын 5 раундтық кездесулерге көшті. Бірақ сосын жекпе-жектерді 4 раундқа дейін қысқартты. Ал қазір қайта классикаға ауысты - 3 минуттан 3 раунд. Қолғаптар 90-жылдары өзгерді. Кезінде боксшылар мықты соққылар жасай алмайтын. Себебі көбіне жұдырықтасқан соң олар қол буыны мен саусақтарын жарақаттап алатын", - дейді Ешмағамбетов.



Ал кәсіпқой бокста, маманның айтуынша, қолғаптар мүлде өзгерген жоқ. Кәсіпқой боксшылар жұдырықтасатын өзі 3-4 әлемдік фирма бар екен.

"Қолғапты боксшылар немесе олардың менеджерлері өзіне ыңғайлысын таңдайды. Бірақ бұл ретте штаб-пәтер қолғаптарды міндетті түрде қабылдап, бекітуі керек. Егер де штаб-пәтер белгілі бір қолғапқа рұқсатын бермесе, олар өз қолғаптарын ұсынады. Мұндай жағдайлар әдетте чемпиондық кездесулерде болып жатады. Жалпылай айтатын болсақ, кәсіпқой бокс пен ондағы төрелік өзгерген жоқ - сол классика қалпында", - дейді боксшы.

Мысалы, Головкиннің былтырғы жекпе-жегін еске алатын болсақ, төреші қателесіп, жеңісті тартып алды деген шу шыққан болатын. Аделаида Берд есімді төреші Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегінде екіұшты баға беруімен әлемге әйгілі болып, кейін ол қызметінен шеттетілген еді. Осы орайда маманнан былтырғы төрелікке қандай баға беретіні жайлы сұрап көрдік.

Ешмағамбетов төрелік етуде біраз қателіктің болғанын жоққа шығармады.

"Әрине, бокс тарихында елеулі қателіктер болды. Әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да. Нақты атамай-ақ қояйын, себебі халық қай кездесудің қалай өткенін біледі. Мысалы, кәсіпқой бокста мынадай шешімдер шыққан жағдайлар болды - жекпе-жектің қорытынды есебі қайта қаралады, бұл кезде кездесу автомат түрде өз күшін жояды. Ол титулға талас кездесу болсын, чемпиондық жекпе-жек болсын - нәтиже жойылады", - деп түсіндірді Ешмағамбетов.

Оның айтуынша, төрешілер боксшылардың жекпе-жекті қалай нәтижелі жүргізетінін, олардың жасаған соққыларының дәлдігі мен күшіне және де ең бастысы рингтегі боксшылардың жұдырықтасу әдісіне назар аударады.



"Рингте немесе ринг сыртында төрелік етіп отырғаныңда барлық ұпайды санап үлгермейсің. Бастысы белгілі бір боксшының қаншалықты тиімді жұдырықтасып жүргені есепке алынады. Сөйтіп, жалпы картина жасалады. Мұның үстіне боксшылардың әдіс-тәсілдерді қаншалықты белсенді қолданатынына қарау керек", - дейді бокс төрешісі.

Осыдан кейін маман Головкиннің соңғы кездесуіне тоқталып өтті. Бұл жағдайда Ешмағамбетов те төрешілердің дұрыс шешім қабылдағанын айтады. Маман сарапшы ретінде жекпе-жекке өзі де соққылар санын жазып, баға беріп шығыпты. Оның есебі бойынша, 5-6 есебімен "Канело" жеңіске жетіп отыр.

"Қазақстан азаматы ретінде еліміздің біртуар боксшысы, өсіп келе жатқан жас боксшыларға үлгі боларлық Геннадий Головкиннің жеңісіне күмән келтіргенім жоқ еді. Мен бұл кездесуге тәуелсіз сарапшы ретінде баға бердім: Геннадий 12 раундтың 5-еуінде басым болды, ал Альварес, меніңше, 7 раундты өз пайдасына асырды. Дегенмен 12 раундтың біреуінде тең есеп шығару керек еді. Бірақ сонда да есеп (5 - 6) Головкиннің пайдасына шешілмей тұр", - дейді Ешмағамбетов.



Айтуынша, мұнда бір алдын ала кесіп-пішіп қойған пікір немесе біржақты шешім шығарылған жоқ. Барлығы бокс ережесі мен заңына сай болды.

Сондай-ақ, ол келесі жылы реванш болуы мүмкін екенін айтып өтті.

"Келесі жылы реванш болады деп ойлаймын. Біздің боксшыға жақсы дайындалып, барлығын қайта ойлап шығып, ең бастысы жұдырықтасу тәсілін өзгерту керек деп есептеймін. Әрине, Гена бізде физикалық тұрғыдан дайын тұр, ал енді оған өзінің әдістерін кішкене өзгерту қажет. Үшінші кездесу өтетін болса, Гена өзінің жасына қарамастан жеңіске жетуі әбден мүмкін", - деді Ешмағамбетов.
Сұхбат барысында маманнан әуесқой бокс пен кәсіпқой бокстың басты айырмашылығы мен ондағы төреліктің ерекшеліктеріне тоқталып өтуін сұрадық.

Мысалы, біз әуесқой бокс пен кәсіпқой боксты қарап отырғанда олардың киім киюінде, шлемі болу-болмауын ғана, яғни тек көзге көрінерлік дүниелерді байқаймыз. Ал төрелік етуде қандай жайттарды байқап, ескеруіміз қажет?

Ешмағамбетовтің айтуынша, әуесқой бокс пен кәсіпқой бокстың айырмашылығы жеткілікті.

"Біріншіден, жекпе-жектің формуласы. Әуесқой бокста турнир шамамен 6 күнге созылып, 3-4, кейде 5 жекпе-жекке дейін барады. Ал кездесудің өзі 3 раундтан тұрады. Ал кәсіпқой бокста кем дегенде 4 раундтық жекпе-жек өтеді. Олар дебюттік кездесулер болып саналады. Тағы 6, 8, 10, 12 раундқа дейін созылуы мүмкін. Мұндай кездесулер чемпиондық жекпе-жектерге жатады. Екіншіден, салмақ категориясындағы айырмашылық. Мысалы, әуесқой бокстағы салмақтың категориясы - 11, бұрындары тіпті 12 болған, ал кәсіпқой бокстағы категория - 17. Үшінші айырмашылығы киімдерінде. Әдетте әуесқой бокстағылар шорты мен майка киіп жұдырықтасады, басына қорғайтын шлем киеді. Ал бірақ кәсіпқой бокста жұдырықтасатындар міндетті түрде жалаңаш кеудемен рингке шығады", - деп түсіндірді боксшы.




Ал төреліктегі айырмашылық жайлы сұраққа ол ұпай санымен ерекшеленетінін айтады.

"(...) Кәсіпқой бокста бір раундқа көп дегенде 10 ұпай беріледі. Әр раундтан кейін рефери барлық жазбаны жинап, оны бас судьяға - супервайзерге береді. Ал шетте рингте тұрған судьялар ұпай беріп, раундқа жалпы баға береді. Кездесу соңында супервайзер ұпайлар мен жазбаларды жинап, жалпы есепті жариялайды", - деді Ешмағамбетов.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама