auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бокс федерациясы "Канелоның" допингпен ұсталып, белбеулер Головкинге қайтарылады деген хабарламаға қатысты мәлімдемесі

Бокс федерациясы "Канелоның" допингпен ұсталып, белбеулер Головкинге қайтарылады деген хабарламаға қатысты мәлімдемесі
Reuters©
Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкинмен жұдырықтасқаннан кейін Сауль "Канело" Альварес допинг үшін чемпиондық белбеулерден айырылды деген хабарламаға қатысты пікір білдірді. 

Мессенджер арқылы адамдар "Канело" екінші рет допингпен ұсталғаны, сондықтан Головкинге барлық белбеулері қайтарылады деген ақпарат таратуда. 



Виктор Демьяненконың сөзінше, ол бұл ақпаратты ресми мақұлдайтын құжат көрмеген және мұны жалған деп есептейді. Сонымен қатар, ол чемпиондық жекпе-жекте жұдырықтасатын боксшыларды тексеру алгоритмін түсіндірді. 

- Жекпе-жекке дейін дау болғаны естеріңізде, бірақ, ол кезде сынама жаттығу кезінде алынды. Мұнда жағдай басқа. Бұл жалған ақпарат. Ешқандай ресми ұйым бұл туралы мәлімдемеді. WBA, WBC, IBO ешқайсысы. Біреу тарато салған, болды. Фейк. Мұндай жекпе-жектен кейін боксшы алты айдай жұдырықтаспайды. Мұндай бар, ал допинг туралы естімедім. 

 - Бұл жерде мәселе басқада сияқты, біз допинг бар-жоғын біле алмаймыз. Боксшылар қандай процедуралардан өтеді?

- Әрбір чемпиондық жекпе-жекке допинг-офицер тағайындалады. Оны промоутер шақырады, ол жекпе-жектен кейін сынама алуы міндетті. Онсыз боксшыларды ешқайда жібермейді. 

- Ал сынама қорытындысын жариялау мерзімі қандай? Мәселен үш күннен кейін жауап беру керек деген сияқты бар ма?

- Шектеу жоқ. егер сынама допинг барын көрсетсе, ұйым өзі хабарлайды. Мұндай деңгейдегі жекпе-жекте ондай қиындықтар болады деп ойламаймын. Чемпиондық жекпе-жектерде сынама алу міндет. 

- Допинг-офицерлер кәсіби мамандар ма, әлде әркім бола бере ме?

- Қазақстан аумағындағы WADA кеңсесіне хабарласасыз. Турнир өтеді, мамандарыңыз керек деп хат жазылады. Олар адамын жібереді, ол сынама алады. Ұйымның жекпе-жектен кейін қанша уақытта сынама алу керек туралы стандарттары бар. Халықаралық стандарт.

"Қазақстан" "РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин да бұл хабарламаға қатысты пікірін білдірді.

"Генаның жеңілісіне өкінгені де бар, тіпті қайғырғаны да бар. Бірақ, елдің көңіліңмен былай ойнап, әзілдеу енді тіпті артық. Кешелі бері көптеген азаматтар мына жалған ақпаратқа сеніп, жекеге жазып сұрап жатыр:) Ешқандай да қайта жекпе-жек жуырда болмайды. Кез келген жекпе жек бірнеше ай бұрын дайындалады, ондай болатын болса міндетті түрде арнайы xабарлаймыз", - деп жазды Қарин Facebook желісіндегі парақшасында.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама