"Канелоның" промоутері Головкинмен үшінші жекпе-жектің шартын айтты
Оскар Де Ла Хойя. © sportarena.com
Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (50-1-2, 34 КО) промоутері Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Голвкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші жекпе-жек өткізу туралы өз ойын айтты.
Өткен демалыста Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында боксшылар арасында қарымта жекпе-жек өткен болатын. Бір жыл бұрын дәл осы орында жұдырықтасқан мексикалық пен қазақстандық жеңімпазды анықтай алмай кеткен еді.
Қарымта да, алғашқы жекпе-жек сияқты толық 12 раунд болып, төрешілер шешімі бойынша Альварес жеңіске жетті. Ал Головкин үшін бұл алғашқы жеңіліс еді. Жекпе-жектен кейін екі боксшы да үшінші рет жұдырықтасуға дайын екендерін жеткізді.
"Головкиннің командасы үшінші жекпе-жекті қалайтыны анық, бірақ шындыққа тура қарау керек - боксшылар үлкен жекпе-жектен кейін шаршады және оларды дәл қазір қайта кездестіру ақымақтық. "Канело" өзінің супержұлдыз ретіндегі жолын өтпек. Бұл жекпе-жек оны осындай дәрежеге жеткізді. Головкин қалпына келіп, бірнеше жеңіске жету қажет, сосын мұны қайталауға болады", - деп келтіреді промоутердің сөзін LA Times.
Де Ла Хойя мексикалық боксшының жеңісіне тамсанатынын айтап өтіп, "Канелоға" алға жүріп, Головкинді қыспаққа алуға кеңес бергенін айтады.
"Канело" агрессор болған ұлы шайқас. Бұл Головкиннің қашқанын білдіре ме? "Канело" денеден соққы жасады. Головкинге мұның ұнамайтынын білгенмін. "Канело" жекпе-жекті тамаша өткізді. Ол бұл шоуды жапты. Боксқа осындай серпін қажет болды", - дейді промоутер.

Жарнама