auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Головкин мен айтқандай жұдырықтасқысы келмеді". Абель Санчес Альварестен қарымтада жеңілу себебін айтты

"Головкин мен айтқандай жұдырықтасқысы келмеді". Абель Санчес Альварестен қарымтада жеңілу себебін айтты
© Тұрар Қазанғапов
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес қазақстандықтың қарымта жекпе-жекте мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (50-1-2, 34 КО) жеңілуіне қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Fightnews.info.

Санчестің сөзінше, бұл жекпе-жекте Головкин оның нұсқауларын орындамай "өздігінен әрекет етті". Бапкер қазақстандықтан басқаша стиль көргісі келген екен. 

"Неге "Канело" алғашқы жекпе-жекте өз білгенінше жұдырықтасты? Бапкер ретінде біз жұмысымызды істейміз - жаттығу лагерінде мүмкін болғанның бәрін жасап, геймжоспар дайындаймыз. Олар рингке кіргенде өзіне көбірек келетін дүниелерді көреді. Біз оларды істегісі келмегенге мәжбүрлей алмаймыз. "Чепо" Альварестің алғашқы жекпе-жектегідей жұдырықтасқанын қаламағанына сенімдімін. Мүмкін бұл жолы Геннадйи менің айтқанымдай жұдырықтасқысы келмеген болар. Сондықтан рингке кіргенде олар өздеріне ыңғайлы деп ойлағанды таңдайды. Мен оның "Канеломен" жұдырықтасқанын қаладым. Сауль ринг ортасында болса, онымен сол жерде жұдырықтасу керек еді. Геннадий өз білгенімен әрекет етті. Ол жақсы жұмыс жасады", - дейді Санчес. 

Сонымен қатар, қазақстандықтың бапкері Абель Санчес Головкинге демалыс бермек екенін айтады. Бұл жекпе-жек Головкин үшін биыл соңғы болуы мүмкін.

Головкинде болған орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO белбеулері үшін қарымта Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында қыркүйектің 16 күні өтті. 12 раундтың қорытындысы бойынша Альварес ұпай санымен жеңіске жетті, ал Головкин үшін бұл алғашқы жеңіліс.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама