Бокс
22 тамыз 2018 10:21
 
"Канелоның" уақыты келді". Мексика боксының аңыздары Альварес Головкинді жеңіп, тарихқа енетінін айтады

  Пікірлер

blog.share

"Канелоның" уақыты келді". Мексика боксының аңыздары Альварес Головкинді жеңіп, тарихқа енетінін айтады © Saddo Boxing

Мексика боксының аңыздары Эрик Моралес және Марко Антонио Баррера отандастары Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) және WBA (Super), IBO, WBC чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Олардың сөзінше, "Канело" бокс тарихына еніп, өз мұрасын қалдыру үшін Головкинді жеңуі тиіс.  

"Бұл өте маңызды жекпе-жек, "Канелоның" уақыты келді. Бокс тарихына енуі енді өзіне ғана байланысты", - дейді Баррера. 

"Сыншылардың аузын жабу үшін Саульге жеңіс керек. Үздіктер қатарына кіре ме білмеймін, оны адамдар шешеді. Бірақ Альварес жақсы жұдырықтасады және жетістіктерін жақсартып келеді", - деп айта кетті Моралес.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтіп, тең аяқталған.  

Жарнама

Живи спортом!