Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Желіде Головкиннің "Канеломен" өтетін жекпе-жекке дайындалып жатқаны түсірілген видео пайда болды
Видеодан алынған сурет
Желіде WBA (Супер), IBO және WBC тұжырымдары бойынша орташа салмақтан әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің мексикалық "Канело" Альвареспен болатын жекпе-жекке дайындалып жатқан сәтінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Геннадий Головкин пресін жаттықтырып, "Канелоның" қимылдау стратегиясына дайындалып жатыр. GGG сабырлы және салмақты көрінеді", - деп жазылған Youtube-тегі Villainfy media арнасында жарияланған роликтің сипаттамасында.
Мұның алдында Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес қыркүйектегі матч-реванш қарсаңында қандай да бір біріккен медиажобалардан бас тартқанына қарамастан, бетпе-бет кездескені хабарланған болатын.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі өткен жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен. 12 раундтың қорытындысы бойынша олар тең тарқасқан. Тараптар қызу талқыдан кейін 15 қыркүйекте қайтадан кездесу ұйымдастыру туралы шешімге келді.
Жарнама