auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Әлем чемпионы Головкиннен тартып алынған белбеуден бас тартты

Әлем чемпионы Головкиннен тартып алынған белбеуден бас тартты
Хекки Бадлер. Сурет: RingTV
Алғашқы ең жеңіл салмақта чемпион Хекки Бадлер (32-3, 10 КО) IBF белбеуінен бас тартты. Чемпион міндетті қарсылас - никарагуалық Феликс Альварадомен (33-2, 29 КО) жұдырықтасқысы келмеген, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Чемпион мен үміткердің командалары жекпе-жек туралы келісімге келе алмағандықтан, промоутерлік сауда белгіленген. Ал бұл саудаға тек никарагуалық боксшының промоутері Сэмпсон Левковиц (Sampson Boxing) қатысқан. Екі чемпиондық белбеу тігілген жекпе-жекті (Бадлер WBA Super белбеуіне де ие) ұйымдастыру құқығын промоутер 25 мың долларға сатып алды. 

Балдер жекпе-жекке келіскен жағдайда 18,75 мың доллар, ал Альварадо 6,25 мың доллар алатын еді. Бадлер чемпиондық белбеулерді 2018 жылдың мамырында жапониялық Речи Тагучимен (27-3-2, 12 КО) жұдырықтасып, жеңіп алған.

ESPN мәліметінше, бос қалған белбеу үшін Альварадо мен филиппиндік Рэнди Петалкорину (29-2-1, 22 КО) жұдырықтасатын болады.

Айта кетейік, Халықаралық бокс федерациясы (IBF) өз белбеуін қазақстандық Геннадий Головкиннен (38-0-1, 34 КО) тартып алған болатын. Бұған себеп міндетті қарсылас Сергей Деревянченкомен (12-0, 10 КО) 3 тамызға дейін жекпе-жек өткізу туралы жазбаша келісім бермеу болды. 

Осыдан кейін IBF белбеу үшін Деревянченко және онымен бірге жаттығатын америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) арасындағы жекпе-жекке рұқсат берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама