Жартылай орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Келл Брук (37-2, 16 КО) тағы бір қазақстандық - Қанат Исламмен (25-0, 20 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы
Vesti.kz тілшісіне британиялық боксшы командасының өкілі Ли Андервуд айтып берді.
Оның сөзінше, қазақстандықпен келісім жасау мүмкіндігі болмады, алайда, бұл жекпе-жек болашақта өтуі ықтимал.
"Иә, расымен Қанат Исламды қарастырып отырмыз. Ол бірталай жекпе-жек өткізген болашағы бар боксшы. Өкініштісі, жекпе-жек туралы келісе алмадық. Енді Брук канадалық Брэндон Кукпен жұдырықтасады. Бұл жігіт те оңай емес. Қазір Келлдің бар ойы алдағы жекпе-жекте. Ал Исламмен болашақта жұдырықтасар", - дейді Андервуд.
Айта кетейік, Келл Брук 2016 жылы Англияда қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасып, нокаутпен жеңілген. Ал Кук 2017 жылы Астанада Қанат Исламмен жұдырықтасып, нокаутпен жеңілген.
Жарнама