Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (60-7-2, 39 КО) аргентиналық Лукас Матиссені (39-5-0, 36 КО) жеңіп, жартылай орта салмақта WBA чемпионы атанды.
Куала-Лумпурде өткен жекпе-жекте Пакьяо жетінші раундта аргентиналықты нокатуқа түсірді.
"Мен көптен бері жеңіске жетпеген едім. Матиссені нокатуқа түсіргеніме өзім таңдандым, өйткені ол мықты боксшы. Мұның барлығы тынбай жаттықанның арқасы, - деп келтіреді боксшының сөзін Boxing Scene. - Барлық филлипиндіктерге алғысым білдіремін, әзірге демалысты ғана ойлап тұрмын. Бірақ бокстан әлі кетпеймін. Мені 39 жаста деп ешкім айтпайды, осы жекпе-жекке жаттыққанымда өзімді 27-28 жастағыдай сезіндім".
Мұның алдында промоутер Боб Арум Пакьяо украиналық Василий Ломаченконың қарсыласы болуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Айта кетейік, Мэнни Пакьяо сегіз салмақ дәрежесінде чемпион болған боксшы.

Жарнама