auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Шүменов Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясын қатты сынады

Шүменов Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясын қатты сынады
© Тұрар Қазанғапов
Алғашқы ауыр салмақта WBA чемпионы Бейбіт Шүменов Астанадағы бокс кешінен кейін Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясын сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі салмақ дәрежесінде чемпион болған жалғы қазақстандықтың сөзінше, бұл ұйым боксшыларға ілгерлеуге көмектеспейді, керісінше бөгет. 

"Бізде аты ғана бар - Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы. Бірақ олар ештеңе істемейді, көмектеспейді. Керісінше. 600 мың теңге төлеу керек деді, бірақ, не үшін екені түсініксіз. Сосын бізге қоқан-лоқы көрсете бастады. "Төлемесеңдер, жекпе-жекке рұқсат бермейміз деп". Мен білмеппін 585 мың төлепті, бірақ, не үшін, түсінбедім. 

Боксшы лицензия алу үшін 100 доллар төлеу керек. Бірақ әлемде мұндай жоқ. Ақшасы жоқ болса, адам кәсіпқой бокстағы жолын қалай бастамақ? Американың өзінде стандарт 25 жоллар. Невада штаты, бокстың астанасында - 50 доллар. Мұндай бағаны Қазақстанда қайдан алды, түсіне алмадым!

Төрешілердің әрқайсысына 300 доллардан төлепті. Жергілікті төрт төреші болды. Бізден алған 585 мыңды төрешілерге төлейміз деді. Ал төреші Мақсат Асановқа айтқаны: "Саған ақша төлемейміз, сен промоутерлердің туысысың". Қалған үшеуіне төлеген, бұл не сұмдық?" - деп наразылық танытты Шүменов. 

"Демьяненкоға Астанада WBA ұйымының аймақтық өкілдігін ашайық деп айтқанмын. Ол: "Бізге керек емес. Өкілдік Корея мен Болгарияда бар. Рұқсат бермейміз. Федерация қамқорлығымен ғана"... Мұны өзгертпесе, бізде кәсіпқой бокс ешқашан дамымайды", - дейді Шүменов.

Кәсіпқой боксқа оралған Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды

Еске салайық, 7 шілдеде Шүменов Астанадағы бокс кешінде түркиялық Хизни Алтункаяны (30-2, 17 КО) жеңіп, WBA белбеуін қайтарып алды. Шүменовтың сөзінше, бокс кешін ұйымдастыруға кеткен шығынның көп бөлігін ол өз мойнымен көтерген. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама