Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Ресейде Усикті өз боксшысы деп санайды, Ломачяенко мен Головкинді де - Гассиев
Гассиев пен Головкин. Сурет: vk.com/ggolovkin
Алғашқы ауыр салмақта IBF және WBA Super чемпионы Мурат Гасиев Бүкіләлемдік бокс суперсериясы (WBSS) турнирінің финалында WBC және WBO чемпионы Александр Усикпен жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты.
Оның сөзінше, украиналықты Ресейде өз боксшысындай көреді, оның отандасы Василий Ломаченко мен қазақстандық Геннадйи Головкинді де.
"Жақсы жері жекпе-жекке достарым келе алады. Бұл маңызды. Олар қайда болса да аттанар, бірақ, мәселен Сауд Арабиясына бару қиын болады. Усиктің жанкүйерлеріне де Еуропаға барғанша, Мәскеуге келу оңай әрі арзан.
"Олимпийскийде" Усиктің жанкүйерлері менікінен кем болмайтын шығар. Ресейде Александрды жақсы таниды және өз боксшысындай көреді, Василий Ломаченко, Геннадий Головкинмен де солай. Сондықтан "қарсыластың аумағында жұдырықтасу" деген түсінік бұл жерге келіңкіремейді", - деп жазыпты Гассиев Instagram желісіндегі парақшасына.
Еске салайық, Гассиев пен Усик жекпе-жегі 21 шілдеде Мәскеуде өтеді. Бұл жекпе-жек қалай ақталса да, қарсыластар қарымта өткізетіні хабарланды.
Жарнама