auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Келіспесең жолың болсын". "Альварестің промоутері Головкинге ультиматум қойды

"Келіспесең жолың болсын". "Альварестің промоутері Головкинге ультиматум қойды
Альварес, Гомес және Де Ла Хойя. Сурет: infragantimagazine.com
Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің ісін жүргізетін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес қазақстандық Геннадий Головкинге қойған ультиматумға қатысты пікірін айтты.

Гоместің сөзінше, олар Головкинге қыркүйекте болуы мүмкін қарымтаның кірісін бөлісу туралы соңғы ұсыныстарын айтқан. Ол шарт бойынша табыс Альварестің пайдасына 57,5-те 42,5 болып бөлінеді.

Сонымен бірге, Головкин бұл ұсынысқа белгілі мерзімде жауап беруі керек. Олай болмаса, Альварес америкалық Дэниел Джейкобспен жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қояды. Мексикалық боксшы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасын 15 қыркүйекке жалдап қойған.

"Бұл соңғы ұсыныс. Біз барлық кедергіден өттік, енді ешқандай ойын болмайды. Головкин түске дейін шешім қабылдасын немесе бас тартады. Бас тартса - жолы болсын. Қарымтаны өткізу үшін барымызды салып жатырмыз. Канело" бұл жекпе-жекті жанкүйерлер үшін өткізгісі келеді, сол үшін ғана жеңілдіктерге бардық.

Бастапқыдағы келісім Головкинге үлестің 35 пайызын беру еді, бірақ, кейін ол 50-50 алғысы келді. Бұл күлкілі. Қарсы ұсыныс жасау үшін біз жеңілдікке баруға дайынбыз. Сейсенбіде Том Леффлерге қоңырау шалып, оларда шешім қабылдауға 24 сағат барын айттым. Әйтпесе біз Дэнни Джейкобспен жұдырықтасамыз.

Ол Головкинмен сөйлесіп, көндіруге тырысатынын айтты. Қазір Головкинге өте үлкен қаржы ұсынылып тұр, егер ол бас тартса, мұнша ақшаны басқа жерден ешқашан көрмейді. Оскармен бұл мәселені талқыладық. Ол мұны "Канеломен" талқылады, айтарлықтай ұзақ сөйлесті. Келіссөздерді қайта бастау үшін сәуірден бері күттім. Талай рет сөз етілді. "Канело" мен Оскардың шешімі салмақты болады деген ойдамын", - деп келтіреді Гоместің сөзін ESPN.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы алғашқы жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте T-Mobile арнеасында өтіп, төрешілер шешімі бойынша тең аяқталған. Ол кезде қазақстандық түскен табыстың 30 пайызын ғана алған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама