auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин ресми түрде IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан айырылды

Головкин ресми түрде IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан айырылды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) IBF тұжырымы бойынша ресми түрде орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz әлемдік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

BoxingScene басылымының мәліметінше, ESPN және тағы басқа басылымдар мұндай шешімнің 6 маусымда IBF тыңдалымында өткенін жазып жатыр. Бірақ Головкиннің командасы мен боксшының өзі бұл мәліметке қатысты әзірше пікір білдірмеді.

Осыған дейін IBF Головкинді украиналық Сергей Деревянченкомен (12-0, 10 КО) 3 тамызға дейін кездесу өткізуге мәжбүрлеген болатын. Алайда қазақстандықтың командасы 23 мамырда мұны кейінге қалдыра тұруды өтінген еді.

IBF ережесіне сәйкес, чемпион кездесуді бір рет қана кейінге шегере алады. Ал Головкин болса мұндай мүмкіндікті 5 мамырда америкалық Ванес Мартиросянды (36-4-1, 21 КО) нокаутқа түсірген кезде қолданған екен. Сол кезде келісімшарт бойынша IBF титулы тігілген етін.

Сондай-ақ, жақын арада IBF өкілдері вакантты титул үшін жекпе-жек өткізуге қатысты шешім қабылдайды. Оған үміткер ретінде Деревянченко америкалық Дэниэл Джейкобспен (34-2, 29 КО) кездесу өткізуі мүмкін. Дэниэл Джейкобс қазір үшінші орында тұр (2-орын әзірше бос). Айта кететіні, екі боксшы да Андре Розьемен жаттығады.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF титулын 2015 жылдың қазанында жеңіп алған болатын. Ол кезде боксшы канадалық Давид Лемьемен (39-4, 33 КО) жұдырықтасқан еді.

Қазір қазақстандық боксшы WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болып саналады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама