auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қазақстандық алтын бала". Эдди Хирн Елеусіновке тәнті болды

"Қазақстандық алтын бала". Эдди Хирн Елеусіновке тәнті болды
Данияр Елеусінов пен Эдди Хирн. © twitter.com/MatchroomBoxing
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі алдында оның дарынына тәнті болып, Елеусіновті WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сіздердің мына жігіттің қаншалықты дарынды екенін білмейсіздер. (...) Ол келесі Геннадий Головкин емес, ол - Данияр Елеусінов. Бұл жігіт - Қазақстанның "алтын баласы". Қазіргі уақытта Головкинмен салыстырғанда, ол танымалдылығы жөнінен мүлде басқа. Ол ерекше дарын, ол орта салмақтағы әлем чемпионы болады. Осы жігітті қалай таптым десеңіздер? Теледидардан оның жекпе-жегін көріп, сол жайлы сұрастыра бастадым.

Содан бірден Қазақстанға ұшып келдім, келісімшарт жасастық. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Монакода жекпе-жектер өткізеді. Әлем бойынша өнер көрсетеді. Еуропалық жанкүйерлердің ғана емес, бүкіл әлемнің бокссүйер қауымының жүрегін жаулап алады", - деді Елеусіновтің промоутері AB BOXING NEW басылымына берген сұхбатында.

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі алдында ашық жаттығу өткізді

Айта кетейік, бүгін Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі алдында ашық жаттығу өткізді. Отандасымыздың кәсіпқой бокстағы бірінші қарсыласы америкалық Ноа Кидд (3-0-1, 2 КО) болады. Олардың жекпе-жегі 28 сәуірде Нью-Йорк қаласындағы "Барклайс" спорт кешенінде орта салмақта өнер көрсететін америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен полшалық Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) арасындағы кездесудің андеркартында өтеді.



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама