Бокс
30 наурыз 2018 10:41
 
Сауль Альвареске қандай жаза тағайындалуы мүмкін екені айтылды

  Пікірлер

blog.share

Сауль Альвареске қандай жаза тағайындалуы мүмкін екені айтылды © prensa.com

Los Angeles Times басылымы Невада шатытының атлетикалық комиссиясының (NSAC) басшысы Боб Беннеттің мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қатысты шағымының бір бөлігін жариялады. Шағым бүгін 30 наурызда жасалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шағымда "Канелоны" спорттан бір жылға шеттету керектігі айтылған. Сегіз парақтан тұратын шағымда мексикалықтың "жарысқа зиян келтірген кездейсоқ немесе спортқа қайшы әрекет жасағанына кінәлі" екені айтылған.

Жарыс ретінде Головкин мен Альварестің екніші жекпе-жегі меңзелгені хабарланып отыр.

Айта кетейік, 28 наурызда ESPN арнасының сарапшысы және Америкадағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек күні (5 мамыр) өзгеруі мүмкін деген болжам жасаған.

29 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды. Los Angeles Times баылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы да жарнамалауды уақытша үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді.

Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да, қазақстандық 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген.

Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады.

Жарнама

Живи спортом!