auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық боксшы Ковалевтің андеркартында қандай тактика қолданатынын айтты

Қазақстандық боксшы Ковалевтің андеркартында қандай тактика қолданатынын айтты
Мадияр Әшкеевтің facebook желісіндегі парақшасынан
29 жастағы кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев (8-0, 4 КО) доминикандық Хосе Антонио Абреумен (13-3, 8 КО) Нью-Йоркте өтетін жекпе-жегі алдында Vesti.kz тілшісіне қандай тактика қолданатынын айтып берді. 

Әшкеев ресейлік жартылай ауыр салмақтағы Сергей Ковалев (31-2-1, 27 КО) пен Игор Михалкин (21-1, 9 КО) жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады. 

- Мадияр, 3 наурыздағы қарсыластың есімі белгілі. Доминикандық Абреу екені белгілі. 

- Иә. Жекпе-жекке дайындалып жатырмыз. 

- Ол туралы не айтуға болады? Ол 13 жекпе-жекте жеңіске жеткен екен.

- Ол бойшаң жігіт (күледі)

- Сізден биік пе?

- Иә.

- Абреу негізінен 147 фунт салмақта жұдырықтасады. Артықшылықтары мен кемшіліктері ?

- Иә, негізінен 147 фунтта жұдырықтасты, бірақ, оның кемшіліктері мен артықшылықтарын рингте көреміз. Қалай әрекет ететінімізді ертең, кешкі жаттығуда бапкермен талқылаймыз. 

- Абреудің статистикасы қызықты. Барлық жеңілісі 147 фунтта, ал 154 фунтта жеңді. Бойшаң болса, қолы ұзын қарсыласпен қалай жұдырықтасу керек?

- Оған жақын жүріп жұдырықтасуға тырысамын.

- Бастан әлде өне бойынан ұрған жөн бе?

- Алғашқы раундтарда денесінен соққы жасаймын. Сосын іштен - бастан аралас соққы жасаймын. 

- Бастапқыда сегіз раунд деді, ал қазір алты дейді.

- Иә, солай болатын, кейін өзгерді, неге екенін білмеймін. 

Айта кетейік, бұл бокс кешінде қазақстандық тағы бір кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов та шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы әзірге анықталған жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама