auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкинның бапкері "Канеломен" өткен бірінші кездесуде қандай қателіктер болғанын айтты

Головкинның бапкері "Канеломен" өткен бірінші кездесуде қандай қателіктер болғанын айтты
Абель Санчес пен Геннадий Головкин © Fox Sports
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинның (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес Yahoo! Sports басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өткізген алғашқы жекпе-жегінде қандай қателіктер жібергенін және алдағы реванш матчтан не күтетінін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әлі көп жұмыс істеу керек, келесі жекпе-жекке дайындық керек. Геннадий алғашқы кездесуде өз пайдасына қолданып қалуға болатын сәттерді өткізіп алды. Ал "Канело" нокаутқа түсіп қалмас үшін жұдырықтасты. Меніңше, ол жақсы жұдырықтасты", - деді Абель Санчес сұхбатында.

"Қарсыласың рингте жүгіріп жүрсе де қиын. Геннадий бірнеше раунд бойы "Канелоны" ұрмақ болды, бірақ рефери оған арқасынан ұрмау керектігін ескертіп жүрді. "Канело" Головкин оның денесінен ұрмас үшін әдейілеп солай айналып жүрді", - деді бапкер.

Сондай-ақ, Абель Санчес Головкинның реваншта бұдан да жақсы соққы жасай алуы мүмкін екенін айтты.

"Олар реваншта бір-бірін бұдан да жақсы танып, мықтырақ соққылар жасайды деп сенемін", - деді Абель Санчес.

Осыған дейін Де Ла Хойя Головкин - "Канело" жекпе-жегінің екінші кездесуін өткізуге кімнің кедергі келтіріп жүргені жайлы айтқан еді.

Айта кетейік, Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

6 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалған болатын.

Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама