"40 жастағы Головкинді жеңді". Альварестің келесі қарсыласы сенсация жасауға бекінді

©Tribuna.com

Екінші орта салмақтағы британиялық боксшы Джон Райдер (31-5, 17 КО) дивизионның абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен (58-2-2, 39 КО) жекпе-жек бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды vRINGe.com

Бұл айқас Мексиканың Гвадалахара қаласында мамыр айында өтетінге ұқсайды. 

"Келесі жекпе-жек Альвареске қарсы болады. Келісімді жақын арада аяқтау үшін барымызды салып жатырмыз. 

Осы күндері бірнеше боксшы әлемді дүр сілкіндіріп, таңдандырып жатыр. Мұндайды қайта жасауға бөгет көріп тұрған жоқпын. 

Былтыр "Канело" керемет мықты болмады. Биволдан жеңіліп қалды, әрине Дмитрий мықты, дегенмен. Одан кейін Сауль 40 жастағы Головкинді жеңді. Сондықтан "Канело" қазір карьерасының қай шағында екені белгісіз. Мен онымен айқасамын және маған тиесіліні аламын", - дейді Райдер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport