auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

118-110 есебімен "Канело" жеңіске жетті деген төрешіден шешімін түсіндіріп беру талап етіледі

118-110 есебімен "Канело" жеңіске жетті деген төрешіден шешімін түсіндіріп беру талап етіледі
© twitter.com
Невада штатындағы Спорттық комиссияның (NSAC) директоры Боб Беннет мексикалық Сауль Альварес Головкинді 118-110 есебімен жеңді деген судья Аделаида Бердпен бірге жекпе-жекті қайта қарап, одан әрбір раундта берген бағасын түсіндіріп беруін талап етуге уәде берді, - деп жазады Vesti.kz.

"Біз Аделаидамен бірге жекпе-жекті көреміз, әрбір раундты. Ол маған не көргенін, қалай көргенін және әр боксшыға неліктен сондай баға бергенін түсіндіріп беретін болады. Әрине, қателеспеген бокс төрешілері жоқ. Ол бұл жолы қателік жіберді, біз қажетті шараларды қолданамыз", - деді Боб Беннет.

"Біз үлкен мәселемен айналысып жатырмыз және оған үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Мен шенеуніктерге жекпе-жектерге нақты бір адамды қоюға кеңес берудің алдында біраз жұмыс істеймін. Өкінішке қарай, мен Бердтің жіберген қателігіне жауап беремін", - деді NSAC директоры.



Allboxing.ru мәліметінше, Берд осыған дейін де түрлі жекпе-жектерде шеттетілген. Мысалы, 2016 жылдың қарашасында Ломаченко - Уолтерс кездесуінің ұйымдастырушылары оны төрешілердің құрамынан алып тастауды сұраған екен.

"Біз осы жекпе-жекке Аделаида Бердті қоймауларын сұраған болатынбыз", - деді Top Rank компаниясының вице-президенті Boxingscene.com басылымына берген сұхбатында. - Төрешілерде жақсы да, жаман да кештер өтеді. Кейде олар шындыққа мүлде жақын емес шешім шығарып жатады. Алайда Боб оны барынша қорғап, біздің қарсылығымызды тыңдағысы келген жоқ".


Еске сала кетейік, төреші Аделаида Берд Головкин мен Альварес жекпе-жегінде жеңісті мексикалыққа (118-110 есебімен) берген болатын. Екінші төреші Дэйв Моретти жеңісті, керісінше, қазақстандық боксшыға берді (115-113), ал үшінші төреші Головкин мен Альварес (114-114) тең түсті деп айтты.

Ал кейінірек Спорттық комиссия басшысының "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттеткені жайлы хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама